
Мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған салалық банктер құруға рұқсат жоқ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған салалық банктер құруға жол берілмейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы ресейлік банктің клиенттері қаражатын бұғаттан босату үшін OFAC рұқсатын алуы тиіс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сбербанк пен Альфа-Банк клиенттері қаражаттарын бұғаттан босату үшін АҚШ реттеушісінің жеке рұқсатын алуы тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей банктерінің қазақстандық бөлімшелерінде 9,2 млрд теңге бұғатталған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей банктерінің Қазақстандағы еншілес ұйымдарында 9,2 млрд теңге болатын қаржы бұғатталған. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығыны реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс депуттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Киберқауіптің өршуіне байланысты банктердің қауіпсіздігі күшейтіледі - агенттік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиіст қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банктер 4 пайыздық автонесиенің сақтандыру полисін бірден төлеуді талап ете алмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз хатшысы Станислав О Юн Бем банктер 4 пайыздық автонесиенің сақтандыру полисін бірден төлеуді талап ете алмайтынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңілдетілген автонесие алуға ниет білдірген 4 290 азаматтың өтініші мақұлданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңілдетілген автонесиеге өтініш берген 4290 қазақстандықтың өтініші оң шешімін тауып, 31,7 млрд теңге көлемінде несие бекітілді. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депозиттерге кепілдік беру қорының резерв көлемі 1,6%-ға ұлғайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының арнайы резервінде жинақталған қаражаттың көлемі жыл басынан бері 1,6%-ға ұлғайып, шамамен 864 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6% өскен. Бұл туралы ҚДКБҚ Әдіснама және талдау басқармасы басшысының орынбасары Рузалия Гильмудинова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банк BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 18 мамырда Қазақстан Ұлттық банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 пайыздық автонесиені қалай алуға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Өнеркәсіпті дамыту орталығы» акционерлік қоғамы мен «Қазақстан Аавтобизнес қауымдастығының», екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысуымен 4 пайыздық автонесие шарттарын түсіндіруге арналған брифинг өткен болатын. ҚазАқпарат осы шарада айтылған ақпараттар негізінде жеңілдетілген автонесие рәсімдеу тәртібіне шолу жасады.

Банктер 4 пайыздық автонесие өтінімін алатын көліктің VIN-коды бойынша ғана қабылдайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Банктер 4 пайыздық автонесие өтінімін алатын көліктің VIN-коды бойынша ғана қабылдайды. Мұндай мәліметті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өкілдері арнайы брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 шілдеге дейін Сбербанк салымшылары қаржысын басқа банктерге аудара алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Сбербанк биылғы 12 шілдеге дейін кез келген операцияны жүзеге асыра алады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Центркредит банк санкция тізімінен Альфа-банкті шығару қадамдарын бастайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Альфа-банк Қазақстан банкін сатып алған Центркредит банк АҚШ-тың Қаржы министрлігіне өтінім жолдайды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш ресейлік банкке қатысты 3 млрд теңге бұғатталды - Мәдина Әбілқасымова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік үш еншілес банкке қатысты санкциялар енгізілгеннен кейін, тиісті шектеулер күшіне енді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өндіріп алынған мүліктің банк балансында болуының шекті мерзім белгіленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өндіріп алынған мүліктің банктердің балансында болуының шекті мерзімі белгіленеді. Бұл туралы стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер туралы заң жобасын талқылау кезінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай