
ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Премьер-Министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.

Жаңа құрамдағы Мәжіліс: Палатаның екі комитетін парламенттік оппозиция өкілдері басқарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. Мемлекет басшысы құрамы жаңғырған жаңа Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Ол – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің ширек ғасырлық белеске жеткені. Мемлекет басшысы осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететініне сенім білдірді.

ШҚО-да облыстық мәслихаттың жаңа хатшысы сайланды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттар ШҚО мәслихатының жаңа хатшысын сайлады. Бұл қызметке бұған дейін облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Денис Рыпаков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ауысты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жәнібек Нұржанов Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне басшы болып тағайындалды. Әбілқайыр Сқақов жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемқызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне жаңа басшы келді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы және Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына Нұрлан Еркебаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы санэпидбақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Юрий Залыгин Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жаңа бас санитария дәрігері тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігері және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаеваға сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай