
AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы алғаш рет еліміздің шалғай ауылдарына барды
Бүгін «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Бұл бастама партияны трансформациялау жұмыстарының азаматтармен кері байланысты күшейту тармағының аясында жүзеге асырылуда. Бірінші болып Қарағанды және Ақмола облыстарының 10 шалғай елді мекенінде мобильді қоғамдық қабылдаулар ашылды.

AMANAT партиясы осы атқа лайық болуы керек - Азамат Сатыбалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Актер, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды Nur Otan партиясының AMANAT болып өзгеруі мен партияға жүктелген міндеттер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия барлық негізгі міндеттердің драйвері болуы керек – Бибігүл Нүсіпжанова
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Партия барлық негізгі мақсаттар мен міндеттердің драйвері болуы керек. Мұндай пікірді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты, өнертану профессоры, Қазақ ұлттық хореография академиясының проректоры Бибігүл Нүсіпжанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңіс Сейдуллаұлы: Аманат – бұл сенім, жауапкершілік және адалдық
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Amanat» партиясына халықтың аманатын орындайтын саяси құрылым ретінде үміт артамыз. Мұндай пікірді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт« мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

AMANAT партиясының құрамында жастар көп болғаны абзал - Айболат Жәудір
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Саяси партия атауының өзгеруі - Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің қалыптасқанын білдіреді. Мұндай пікірді Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Айболат Жәудір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық Жаңа Қазақстанды одан әрі нығайту міндетіне жұмылды - Бақытжамал Оспанова
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазір халқымыз республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан Жаңа Қазақстанды одан әрі нығайту міндетіне жұмылды. Мұндай пікірді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапхана одағының төрайымы, мәдениет саласының үздігі Бақытжамал Оспанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Amanat халықтың аманатын орындайтын саяси құрылым болуы тиіс – Ербол Тілешов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ербол Тілешов «Nur Otan» партиясының «Amanat» болып өзгеруі мен партия съезінде қабылданған шешімдер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партия атауының өзгеруін жақсылыққа жорыдық – Мақпал Мыса
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасында бейбіт жолмен талап қойған көпшіліктің арасында партия мүшелері көп болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мыса ребрендинг жасалған «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат: Партия Төрағасы қойған міндеттерді жүзеге асыратын мықты кадрлар қажет
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Партия Төрағасының қойған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін жауапкершілік пен талапқа сай кадрлар қажет. Бұл пікірді «Amanat» партиясының Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутат Аманжол Жазықбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай