
Сенатор Атырау облысында Үкімет деңгейінде шешуді талап ететін мәселелерді атады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысы даму бюджетінің мөлшерін ұлғайту бөлігінде жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін қайта қарауды сұрады. Осы орайда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексеріп, өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Індетпен күрестің жаңа кезеңі: Қазақстанда екі аптадан кейін вакцинация басталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Індетпен күресіп өткен 2020 жылдың ізін ала қым-қуыт әлем үрей мен үмітке толы 2021 жылға аяқ басты. Бұған дейін сөйлеген сан сарапшының пессимистік болжамы орындалған сыңайлы, себебі қазіргі таңда індеттің әуресі мен азабын Азияның оңтүстік-шығысынан басқа бүкіл әлем көріп жатыр. Әлемде індетті жұқтырған адамның саны 100 миллионға тақап қалған. Осындай жағдайда «сары» аймақта орналасқан Қазақстан қандай іс-шараларды қолға алып, індеттің бетін қайтармақ? Бұл сұрақтың 2021 жылы жаңадан жасақталған Үкіметтің алғашқы отырысында талқылаған ең бірінші мәселесіне айналуы да заңды еді.

Асқар Мамин коронавирусқа қарсы дәрілердің қорына ревизия жүргізуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин инфекциялық ауруханалар мен бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы жеке қорғаныш құралдары мен коронавирусқа қарсы дәрілердің қорына ревизия жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мамин жаңадан тағайындалған екі министрді таныстырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұлттық экономика, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ұжымдарына жаңа тағайындалған министрлер Әсет Ерғалиев пен Серік Шәпкеновты таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда «Дәрігерлер мәртебесі туралы» заң қабылдана ма – Асқар Мамин жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылдың желтоқсанында «Ақ жол» партиясы атынан бір топ мәжілісмен «Дәрігерлер мәртебесі туралы» заң қабылдау керектігін көтерген болатын. Депутаттардың бұл сауалына Асқар Мамин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мамин: Былтыр дер кезінде қабылданған шаралар арқасында барлық сын-қатер еңсерілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы барлық сын-қатерлерді дер кезінде қабылданған нақты шаралардың арқасында еңсердік. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің (ҚХА) мүшесі Асқар Мамин ҚХА-ның XXVIII сессиясына қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай