
Жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқаратын болады - Жарлық
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында айтылған. ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды.

Әмірхан Рахымжанов ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Жарлығымен Айгүл Құспан Елші қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ апаты: Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Sriwijaya Air ұшағының апатынан қаза болғандарға байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент ветеринария мәселелеріне қатысты заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы өлім жазасының күшін жоюға қатысты заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ҚР Президенті зейнетақы жинағын алуға қатысты заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Президент Жолдауын іске асыруға байланысты бірқатар заңнамаға өзгеріс енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы жер беру туралы келісім ратификацияланды
НҚР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мәдениет, дене шынықтыру және спорт туралы заңдарға өзгерістер енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сұхбаттасты, деп хабарлайды Ақорда.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай