
Ертең Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де онлайн форматта Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 жылда тілдеріңіз тұғырына шығып, халық ұлттық болмысына оралды – ЕО Орталық Азиядағы арнайы өкілі
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық одақтың арнайы өкілі Петер Буриан 2015 жылдан бастап ЕО-ның Орталық Азиядағы саясатымен айналысады. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен ЕО арасында саясат, экономика және әлеуметтік саласында бірнеше маңызды келісімдерге қол қойылды. Оқырман назарына «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бельгиядағы меншікті тілшісінің П.Буриан мырзамен сұхбатын ықшамдап ұсынып отырмыз.
Тату көрші, стратегиялық әріптес Қытаймен қарым-қатынасымыз туралы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Egemen Qazaqstan газетінде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы жайлы көлемді материалы жарияланды. ҚазАқпарат мақаланың толық мәтінін оқырман назарына ұсынады.

Шетел азаматтары қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шет елдерден Наурыз мейрамына орай келіп түсіп жатқан құттықтаулар легі толастаған жоқ. Жылы лебіздердің бір топтамасын оқырман назарына ұсынамыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Асқар Мамин Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен келіссөз өткізді
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен, сондай-ақ Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен келіссөз өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Түркі халықтары әз-Наурызды Анкарада бірге тойлады
АНКАРА. ҚазАқпарат – Анкарада Кечиөрен ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан, Ауғанстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Пәкістан елшіліктерінің қатысуымен Наурыз мейрамына орай салтанатты шара өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстан елшісі Мақтааралдағы этно-мәдени орталыққа музыкалық аспаптар сыйлады
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Тәжікстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулла Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Бақыт Асановпен кездесті. Аудан басшысы Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы елшіге таныстырып, ауданда басқа диаспоралардың мәдениетін дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрік кәсіпкерлері Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлауда
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Түркияға ресми сапарының екінші күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ыстанбұл қаласында болып, түрік іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Норвегияда жерленген қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімі жарияланды
ОСЛО. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ослодағы Елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияда болған Норвегияда тұтқында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін (2021 жылғы наурыздағы жағдай бойынша) жариялады.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай