
Қызылордалық шаруалар машина-трактор паркін жаңарта алмай отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордаға келген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықовқа өңір кәсіпкерлері шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, субсидия бөлу және басқа мәселелерді жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Былтырдан бері Қытайда тұрып қалған 1300 контейнер елге қарай жолға шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Былтырдан бері Қытай аумағында тұрып қалған қазақстандық 1300-ге жуық контейнер Қазақстанға келіп, әрі қарай бизнесмендердің келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес басқа елдерге бет алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Елордада Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасына қарасты Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағила Бисембаева мен Іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі Сәния Ырсалиева жаңа орталықтың лентасын қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астаналық кәсіпкерлер жаңа балабақша, мектеп салуға дайын – Атамекен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бизнес қауымдастығы қалада жаңа мектеп және балабақша салуға дайын. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Бейсен Жолболдиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей санкцияларына байланысты Қазақстанда кәсіпкерлердің мәселелеріне арналған жедел штаб құрылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясына салынып жатқан түрлі санкцияларға байланысты елімізде кәсіпкерлерге арналған жедел штаб құрылды. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Бейсен Жолболдиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропада қазақстандық жүк тасымалдаушыларға ешқандай кедергі жоқ - СІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік көлік-логистикалық компанияларға салынған санкцияның халықаралық жүк тасымалдайтын қазақстандық кәсіпорындарға ықтимал теріс әсеріне қатысты ахуалды мұқият қадағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық 24 жүк көлігі Украинадан шыға алмай тұр - ҰКП
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы соғыс іс-қимылдарының басталуына байланысты Украинадан шыға алмай жатқан және көрші мемлекеттердің шекара маңы аймақтарында орналасқан отандық жүк көліктері туралы деректер жинауға бастамашы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда қаңтар оқиғасында зардап шеккен 379 кәсіпкерге өтемақы төленді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қаңтар оқиғалары кезінде зардап шеккен бизнеске қаржылай қолдаудың жалпы сомасы 2 029 313 422 теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП Төралқасының міндетін атқарушы болып сайланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшелері «Атамекен» ҚР ҰКП кезектен тыс IX съезін өткізу уақытына төралқа төрағасының міндетін атқарушыны таңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның ресми сайтына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай