
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин АҚШ Халықаралық даму қаржы корпорациясының (DFC) бас атқарушы директоры Адам Болермен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеңіліп көрмеген супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы АҚШ-та айқасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ешкімнен жеңіліп көрмеген қазақстандық супер ауыр салмақтағы боксшы Изим Избакидің (3-0, 2 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-та бейнеклип түсірілімі кезінде болған атыста бір адам қаза тапты
ЛИНН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Американың Линн қаласында (Массачусетс штаты) бейнеклип түсірілімі кезінде атыс болды. Салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Fox телекомпаниясына сілтеме жасап.

АҚШ-тағы қазақ студентімен сұхбат: Үш мамандыққа қатар оқу, Лос-Анджелестегі өмір, пандемия жайлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния университетінде адамзаттың мәдениетін, тарихын, өнерін зерттейтін факультетпен бірге қосымша кинорежиссер және актер мамандықтарын қатар оқып жатқан Жанат Дәлеймен сұхбаттасқан едік. Ол өзі тұратын штат, оқып жүрген оқуы, Лос-Анджелестегі пандемия, жергілікті халықтың өмірге деген көзқарасы, сондай-ақ басқа да мәселелер туралы ой бөлісті.

USAID Қазақстанда мигранттардың құқығын қорғау науқанын өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 желтоқсан Халықаралық мигрант күні болып белгіленген, бұл маңызды күнді атап өту үшін АҚШ үкіметі Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы арқылы Қазақстандағы мигранттардың құқығы туралы ақпаратты насихаттайтын онлайн науқан бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байден киберқауіпсіздікке басымдылық берілетінін айтты
ВАШИНГТОН – НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – АҚШ-тың сайланған, бірақ әлі қызметіне кіріспеген президенті Джо Байден үкіметтік мекемелерге және жеке компанияларға жасалған үлкен кибершабуылдар туралы хабарламалар аясында киберқауіпсіздікті «басты басымдық» етуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Сан-Франциско қаласының бас ғимаратында Қазақстан туы көтерілді
САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай АҚШ-тағы Сан-Франциско қаласының әкімшілік ғимаратында әнұранның сүйемелдеуімен еліміздің мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ-та митингке қатысушылар арасында атыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Американың Вашингтон штатындағы Олимпия қаласында өткен митинг кезінде Днальд Трамптың жақтастары мен қарсыластарының арасында атыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Seattle Times газетіне сілтеме жасап.

АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандардың саны 10 млн адамнан асты
АҚШ. ҚазАқпарат – Құрама Штаттар әлемде коронавирус жұқтырған науқастардың ең көп саны тіркелген бірінші елге айналды. Reuters агенттігінің жексенбі, 8 қараша күні жасаған есебіне сәйкес, пандемия басталған кезден бері қауіпті вирусты 10 миллионнан астам адам жұқтырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай