
Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі – Мемлекет басшысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталып жатыр. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» үш мегаполис тұрғындарына берген уәдесін қалай іске асырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әр жылға нақты көрсеткіштері бар Жол карталарын әзірледі. Биылдың өзінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары үшін не істелетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

«Nur Otan» Орталық және Шығыс Қазақстанды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы 216 сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша әр жылға нақты көрсеткіштері бар Жол карталарын әзірледі. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін биылдың өзінде қандай істер атқарылатыны туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Nur Otan сайлауалды бағдарламасы: Солтүстік өңірлер үшін Жол картасы әзірленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын әзірледі. Биыл еліміздің солтүстік өңірлерінің тұрғындары үшін қандай жұмыстар атқарылатыны туралы партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда алдағы 5 жылда қандай жұмыстар атқарылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының фракция отырысында меаполистің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір», атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының сайлау бағдарламасын жүзеге асыруға жауаптылар айқындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында палата спикері Нұрлан Нығматулин партиясының сайлау бағдарламасын жүзеге асыруға жауаптыларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Қазақстанда 800-ге жуық ауыл әкімі сайланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті басқару өкілдерін тағайындауға қатысты өзгерістердің бірі - ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлауы. Осы орайда ауыл әкімдерін сайлау процесі қалай өтеді, сайлау туралы заңнамаға қандай өзгерістер енгізіліп жатқаны туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ұлттық экономика министрлігі өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры Анар Бектөкенова айтып берді.

Биылғы қазан айында Өзбекстанда президент сайлауы өтеді
ТАШКЕНТА. ӨзА-ҚазАқпарат – Өзбекстанда «Сайлау заңнамасының жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Эквадорда президент және парламент сайлауында дауыс беру аяқталды
БОГОТА. ТАСС-ҚазАқпарат – Эквадорда жексенбі күні жергілікті уақыт бойыша 17:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 04:00-де) президент және парламент сайлауында дауыс беру аяқталды. Елдің Ұлттық сайлау кеңесі сайлаушылардың өз еркін білдірудің алғашқы ресми нәтижелерін сағат 20:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де) жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан: Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстан президентінің міндеттерін атқарушы, Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытов «Қырғызстан республикасының қайта сайланған президентінің қызметке кірісуіне байланысты салтанатты рәсімге дайындалу және өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Кабар» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент бастамалары мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің ұсынған және жүзеге асырылған бастамаларының басым бөлігі мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген. Бүгін ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент бастамалары партиялар жұмысын жандандырады - Төлеутай Рақымбеков
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттар партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Төлеутай Рақымбеков Президент бастамаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы 60 пайыздан астам жаңарды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда облыстық мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясы өтті. Жаңа құрамға 38 депутат – төрт партияның өкілдері кірді. Сайлау нәтижесі бойынша 29 мандатты Nur Otan партиясы, үш мандаттан – «Ауыл», «Ақ жол» және Қазақстанның Халық партиясы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай