
Сот Статидің Қазақстанға қарсы азаматтық ісін тоқтатты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Әділет министрлігі Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S.A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd. компанияларына («Стати») қарсы сот талқылауында маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Стати ісі: Америкалық қор Қазақстанның талабына қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкалық қор Қазақстанның Анатолий Статидің өзі шығарған облигацияларға қатысты алаяқтық жасау туралы алдын ала сөз байласуы бойынша Даниэль Чапменге және Аргентум Крик компаниялар тобына қарсы талабына қосылды. Бұл туралы қазАқпарат ҚР ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әділет министрі Парламентке енгізілетін заң жобаларын айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспар жобасында 25 заң жобасын әзірлеу қарастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Стати ісі: «Самұрық-Қазына» акцияларына уақытша тыйым салу ұйғарымы қайта қаралатын болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерланд Корольдігінің Жоғарғы соты Стати ісі шеңберінде Қазақстан пайдасына шешім шығарып, KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның акцияларына уақытша тыйым салу бойынша ұйғарымды қайта қарауды үкім етті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бельгия соты Стати алаяқтығының жаңа дәлелдерін қарастырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 қарашада Бельгиядағы брюссельдік апелляциялық сот Қазақстан Республикасына Молдова азаматтары Анатол Стати, Габриэль Стати және олардың Ascom Group SA және Terra Raf Trans Traiding Ltd («Стати») компаниялары жасаған алаяқтығына қатысты позициясы мен материалдарды түбегейлі түрде ұсынуға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Ағылшын Жоғары соты «WorldWideMinerals» дауы бойынша Қазақстан пайдасына шешім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қарашада Англияның Жоғары соты Қазақстан Республикасына қарсы «World Wide Minerals» канадалық компанияның және Пол А. Кэроллдың талабы бойынша осыдан бұрын шығарылған төрелік шешімнің (соның ішінде залал, пайыздар және сомалар бойынша мәніне қатысты) күшін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай