
Агросаладағы сұрақтарға жылдам жауап беретін Telegram-бот іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Telegram мессенджерінде чат-ботты іске қосты. Енді министрліктің халыққа және фермерлерге көрсететін мемлекеттік қызметтерін жедел алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пандемияға қарамастан Қазақстанда егіс алқаптарының көлемі артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -2020 жылы егін егу науқаны коронавирус салдарынан күрделі жағдайда өткені белгілі. Осыған қарамастан, төтенше жағдай кезінде саладағы жұмыстарды сапалы әрі уақытылы ұйымдастыру үшін тиісті шаралар қабылданды. Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында өте маңызды болды.

Қазақстанда мал ұрлығы 2 есе азайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 5 жылда еліміздің барлық өңірінде мал ұрлығының төмендеуі байқалады. Егер 2015 жылы 8 мың қылмыс болса, 2016 жылы – 7,3 мың (- 8%), 2017 жылы – 6,4 мың (- 13%), 2018 жылы – 5,6 мың (- 12,4%), 2019 жылы – 4,7 мың (- 15,2%) факті тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 жылда озық технологияларды барлық ауыл шаруашылығы кешеніне жеткіземіз - Бағдат Мусин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы 5 жылда спутинктік және LoRaWAN технологиялары барлық ауыл шаруашылығы кешеніне жеткізілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапархан Омаров жер мәселесіне қатысты өзекті проблеманы атады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1-тоқсанының соңына дейін жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды автоматтандыру аяқталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АӨК өңделген өнім экспорты екі есеге артады – Ауыл шаруашылығы министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнім экспортын екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.Бұл туралы IX Азаматтық форумда министр Сапархан Омаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай