
Коронавирусқа қарсы екпе салдыру жалғасып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 мамырда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 491 849, ІІ компонентін 9 260 542 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Түркия инвесторлары Алматыда фармацевтикалық зауыт салуға қаржы бөледі
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркия инвесторлары Алматы қаласында фармацевтикалық зауыт салуға қаржы бөледі. Бұл жөніндегі келісімге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Түркияда өткізген кездесуі барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысындағы шекара бекеттерінде жыл басынан бері 86 адамнан КВИ анықталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Түркістан облысында орналасқан Жібек жолы, Қапланбек, Қазығұрт, Қонысбаев, Атамекен өткізу кеден бекеттері арқылы Өзбекстан мемлекетінен 94 219 адам Қазақстан территориясына кірген. 7 420 адамнан ПТР сынама алынып, 3 435 азамат 2 күндік карантинге жіберілді. Ал, 86 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирустың мутацияға ұшырап жатқаны алаңдатады - Айжан Есмағамбетова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бізге ұжымдық иммунитетті сақтап қалу керек. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілерге сұхбат берген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ана өлімінің артуы коронавируспен байланысты болды - Ажар Ғиният
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдың алғашқы тоқсанында елімізде ана мен бала өлімі күрт азайған. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мұны коронавирус инфекциясының екпіні қайтқанымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пандемия әлі біткен жоқ – Денсаулық сақтау министрі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенат қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беру кезінде коронавирус пандемиясының Қазақстанда қайта өршу ықтималдығы туралы пайымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы дәрілердің резерві әзірленеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат қабырғасында «Биологиялық қауіпсзідік туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде жұқпалы ауруларға қарсы дәрілердің резерві әзірленетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай