
Қазақстанның металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде оң нәтиже қалыптасқан. Металлургияда өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ИИДМ: Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мәселесі талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) қызметіне мониторинг жүргізді. Әсіресе, еліміздегі ірі АЭА-ға, оның ішінде «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Қорғас» ШЫХО«, «Қорғас - Шығыс қақпасы» және «ҰИМТ» ерекше мән берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Қырғызстан Республикасының Көлік, сәулет, құрылыс және коммуникациялар министрлігінің өкілдері арасында кездесу өтті. Оған ҚР ИИД вице-министрі Берік Қамалиев және Қырғызстан Көлік министрінің орынбасары Талант Солтобаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жалпы, 2020-2025 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Электр энергетикасын дамыту институты Дүниежүзілік банктен 100 млн доллар тартпақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Дүниежүзілік банктен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат тартуға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Мархабат Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай