
Қырғызстанға әскери-техникалық жәрдем көрсетуге қатысты заң жобасы мақұлданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету келісімін ратификациялау» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан армиясы 30 жыл ішінде қалай дамыды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы Күштері 1992 жылы 7 мамырда құрылған еді. Биыл оған 30 жыл толып отыр. Осыған орай еліміздің армиясында қанша адам қызмет етеді, олардың жалақысы қандай, қазақстандық бітімгерлерге қандай жеңілдіктер қарастырылған, саланы цифрландыру мәселесі қалай жүзеге асып жатыр, әлемдік рейтиңдегі Қазақстан, сонымен қоса кадр сапасын жақсарту мақсатында қолға алынған шаралар жөнінде материал дайындадық. Толығырақ ҚазАқпараттың сараптама материалында.

Қазақстан Қарулы күштеріндегі идеологиялық жұмыс жоспары әзірленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаңтар оқиғасы жауынгерлік даярлықты арттырып қана қоймай, сонымен қатар әскери қызметшілердің моральдық рухын шыңдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Мұндай пікірді Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорғаныс министрі әскери қызметшілерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы мен Жеңіс күні қарсаңында Қорғаныс министрлігінде салтанатты жиналыс өтті. Қорғаныс министрі әскери азаматтарды Қарулы күштердің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Әскерде қайтыс болған Әлібек Қалбайдың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, көз жұмған маңғыстаулық жас сарбаз Әлібек Қалбайдың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Боранбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық бітімгерлерді Донбасқа жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде әскери бітімгерлерді Донбасқа жіберу мәселесі көтерілген емес. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда әскери патриоттық тәрбие берудің жаңа актісі қабылданады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың әскери патриоттық тәрбиесін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында жаңа нормативтік-құқықтық акт қабылданады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскери міндетін өтегендер мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда шұғыл әскери міндетін өтеуге қызығушылықты арттыру мақсатында бірқатар шара қабылданды. Ол туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай