
29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет атанды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Шетелдіктер қазақ халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шет елдерден, соның ішінде Әзербайжан, Болгария, Израиль, Ресей мен Украинадан Алғыс айту күніне орай жолданған құттықтаулар легі азаяр емес. Сыртқы істер министрлігі таңдаулы лебіздерді ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2-3 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа Зеландияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
СИНГАПУР. ҚазАқпарат – Қазақстанның Сингапурдағы және Аустралия мен Жаңа Зеландиядағы қызметін қоса атқарушы Елшісі Аркен Арыстанов Жаңа Зеландияның ең ірі қаласы – Оклендте Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне онлайн режимде қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде гендерлік саясат мәселелері талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова осы жылдың наурыз айында Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 65-ші сессиясы қарсаңында Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұханмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғыс айту күні: Гаага қаласында жергілікті халыққа Абай кітаптары таратылды
ГААГА. ҚазАқпарат - Бүгін Гаага қаласында Qazaq House Foundation Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Алғыс айту күніне арналған «Stay warm, drink kazakh tea» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда француз технологиясы бойынша ешкі ірімшігі өндірісі ашылады
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Париж, 2021 жылдың 19 ақпаны – Қазақстанның Франциядағы Елшіcі Жан Ғалиев «D. A. E.» компаниясының басшысы Давид Аммёмен кездесті.Келіссөздер барысында француз кәсіпкері жергілікті шикізат пен жұмыс күшін пайдалана отырып, Алматы облысында ешкі сүтінен ірімшік өндірісін ашу туралы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұхтар Тілеуберді ҚР Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісімен кездестi
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен Түрікменстан 2021-2023 жылдарғы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередов бейнеконференция режимінде СІМ-аралық консультация өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен Өзбекстан 1-жартыжылдыққа жоспарланған шаралар кестесін қарастырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапармен келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ Сирия бойынша 15-ші халықаралық кездесудің қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай