Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Халықаралық Түркі академиясының алтын медалімен марапатталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадов Халықаралық Түркі академиясының арнайы медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәскеуде Қарабаққа қатысты Путин, Әлиев пен Пашинян үш жақты келіссөз өткізеді
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Дүйсенбі Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян үш жақты келіссөз өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қарабақ жайында: Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыс ошағының оты сөндірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әлеуетін жаңа геосаяси жағдайда одан әрі күшейту және оның халықаралық аренадағы орнын нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл туралы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испанияда Абай мен Үзейір Гаджибейлидің мерейтойларына арналған пошта маркалары шықты
МАДРИД. ҚазАқпарат - Испаниядағы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бастамасымен Абайдың 175 жылдығына және Үзейір Гаджибейлидің135 жылдығына орай пошталық маркалар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі: Қарабақтағы бейбіт режимді бұзудың алғашқы дерегі тіркелді
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Таулы Қарабақта әскери қақтығыстар аяқталған және өңірде РФ бітімгерлік операциясы басталған сәттен бері алғаш рет оқ атпау режимі бұзылды. Бұл туралы сенбі күні жарияланған РФ Қорғаныс министрлігінің бюллетенінде хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтемемен.

Әзербайжанда карантин 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды
БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат – Әзербайжанда Министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб жаңа қаулыны қабылдап, кейбір шектеулерді 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты. Қаулыны қабылдауға соңғы айларда елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әзертадж агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжан халқына Қарабақтағы минадан тазартылмаған жерлерге бару қауіпті екені ескертілді
БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ - ҚазАқпарат - Әзербайжан бас прокуратурасы мен елдің ішкі істер министрлігі бірлескен мәлімдеме жасады. Олар Таулы Қарабақ аймағы жарылғыш заттан толық тазартылып, рұқсат берілгенге дейін ол жаққа баруға болмайтынын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжанда Covid-19 вакцинасын тестілеуді 2021 жылдың көктемінде аяқталады
БАКУ. ҚазАқпарат. Әзірбайжанда COVID-19 вакцинасын тестілеу 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында аяқталуы мүмкін. Бұл туралы жұма күні Әзербайжан Денсаулық сақтау министрлігінің Бас инфекционисі Тейяр Эйвазов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.

Бакуде халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы Баку қаласында Әзербайжандағы Латвия Елшілігінің қолдауымен Халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді. «Қыз мұнарасы. Әйел болу – әйелдер әлем үшін» тақырыбымен өтетін фестиваль 16-24 қараша аралығында Еуропалық Одақ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Таулы Қарабақта Әзербайжанның екі азаматы минаға түсті
БАКУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Таулы Қарабақтағы шиеленістен кейін Бакудың бақылауына өткен Физули ауданы аумағында Әзербайжанның екі азаматы минаға ұрынды. Бұл туралы сенбі күні Әзербайжан бас прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агентігіне сілтеме жасап.

Ереванда оппозиция митингісі өтіп жатыр
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Ереванда Премьер-министр Никол Пашинянның қызметінен кетіп, уақытша үкіметтің құрылуын талап еткендер митингіге шықты. Оппозиция өкілдері РФ Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев және Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақ маңындағы соғысты тоқтату туралы ортақ мәмілеге қол қойғаннан кейін қарсылық шарасына шығып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі хабарлайды.

Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған Таулы Қарабақ келісіміне қатысты пікір алмасты
МӘСКЕУ–АНКАРА. ТАСС–Анадолы-ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында РФ, Әзербайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақта атысты тоқтату келісімі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейлік Ми-24 тікұшағын Арменияның Әзербайжанмен шекарасында атып түсірді
МӘСКЕУ – БАКУ. ТАСС – АЗЕРТАДЖ – ҚазАқпарат – Арменияның Әзербайжанмен шекарасындағы әуе кеңістігінде ресейлік Ми-24 тікұшағын жылжымалы зениттік зымыран кешенінен (ЖЗЗК) атқан, экипаждың екі мүшесі қаза тапты, тағы біреуі жарақат алды. Бұл туралы дүйсенбіде Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай