
2020 жыл: Жазғы Олимпиада шегеріліп, ұлттық спорт түрлері ұлықталған жыл
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылды спорт сүйер қауым асыға күтті. Себебін сезіп біліп отырғаныңыздай, төрт жылда бір өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының шымылдығы биыл Токиода ашылуы керек еді. Әйтсе де коронавирус пандемиясы төрт жылдықтың басты додасын келесі жылға ысырып отыр.

Жапония Олимпиаданың шетелдік көрермендерін екі апталық карантиннен босатпақ
ТОКИО. KYODO NEWS - ҚазАқпарат – Жапония үкіметі 2021 жылғы Токио Олимпиадасына келетін шетелдіктерді екі апталық карантиннен өту қажеттілігінен босату туралы мәселені қарастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Токиода олимпиада және паралимпиада алауының 8 айлық туры басталды
ТОКИО. KYODO NEWS – ҚазАқпарат – Алдағы жылдың жазында Токиода өтетін олимпиада және паралимпиада эстафеталарында қолданылатын екі алау дүйсенбіде Жапония астанасында сегіз айлық турды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS-ке сілтеме жасап.

Ресей хакерлері Токио Олимпиадасына кибершабуыл жасаған болуы мүмкін - БАҚ
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Жапония үкіметі Ұлыбритания СІМ-нің Ресейдің арнайы қызметтері кибершабуылдар арқылы пандемияға байланысты Токиодағы Олимпиаданы 2021 жылға ауыстырғанға дейін тоқтатуға тырысты деген тұжырымына түсініктеме бермейді. Бұл туралы сейсенбі күні Токиода өткен баспасөз мәслихатында министрлер кабинетінің бас хатшысы Кацунобу Като мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы қашан өтетіні анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында Фукусима префектурасында басталады және 121 күнге созылады. Бұл туралы Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап olympic.kz сайты хабарлайды.

2021 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу турнирлері қашан басталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясының салдарынан әлемдегі ең айтулы спорттық шара – Жазғы Олимпиада ойындары келесі жылға шегерілді. Токиода топ жаруды аңсаған спортшылар төрт жылдықтың басты додасына тағы бір жыл дайындалатын болды. Осы ретте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетіне Олимпиада ойындарына қатысты бірқатар сауал жолдап көрген едік.

Қазақстандық шахматшылар дүниежүзілік онлайн олимпиадаға қатысып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық шахматшылар бүгіннен бастап дүниежүзілік онлайн олимпиадада өнер көрсетеді. Біздің спортшылар 21-23 тамыз аралығында әлемдегі ең мықты командалармен күш сынасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

ХОК Токио Олимпиадасының жарыс кестесін бекітті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио Олимпиадасының кестесі мен жарыс өтетін орындарды бекітті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өзімізге күтіммен қарау арқылы өзгелерді қауіптен қорғаймыз – Жазира Жапарқұл
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзінде тараған пандемияға байланысты елімізде енгізілген карантиндік режим ертеңіміз үшін қажет. Зілтемірші әрі Олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жұртшылықты сабырға шақырып, карантин тәртібіне бағынуға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Токио Олимпиадасы тағы да кейінге шегерілуі мүмкін
ТОКИО. JAPAN TIMES – ҚазАқпарат – Tokyo 2020 Олимпиадасы директорлар кеңесінің мүшесі Харуюки Такахаси егер COVID-19 пандемиясына байланысты жағдай жақсармаса, Олимпиада ойындары тағы да кейінге шегерілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Japan Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай