
«Референдумда дауыс бере отырып, адамдар өздерін қабілетсіз деп таниды» - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде биыл 5 маусымда өтетін республикалық референдумды талқылауда. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, дауыс бере отырып, адамдар өздерін қабілетсіз деп таниды, демек референдумға қатысуға болмайды. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл – жалған мәлімет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалар күніне біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат жалған - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға «Kaspi gold» мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.

«Қазақстан ЕАЭО-дан шығу туралы бастама көтерді» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Қазақстан Еуразия экономикалық одағының Кеден одағынан шығу туралы бастама көтергені жайлы ақпарат тарап жатыр. Бұған «Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер» себеп болғаны жазылған. Stopfake.kz сайтының мәліметінше, бұл ақпарат – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барыс-Аренада» бүгін концерт болмайды – әкімдік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Барыс-Аренада» отандық және ресейлік жұлдыздардың қатысуымен концерт өтетіндігі туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын Нұр-Сұлтан қалалық ішкі саясат басқармасы да растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат мемлекеттік органға сілтеме жасап.

Астанада отандық және ресейлік жұлдыздардың концерті өтетіндігі туралы ақпарат – фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 мамыр күні «Барыс-Арена» сарайында отандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді деген ақпарат – жалған. Бұл туралы «MTEX management» басқарушы компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайберген оппозициялық партияға қосылуға шақырды» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл ақпарат – жалған.

Қаңтар оқиғасына қатысты фейктер бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысты жалған ақпарат тарату фактілері бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар оқиғасы: Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына байланысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар мамырда ғарыштан келетін қауіп туралы қауесет таратуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар алаңдатарлық жаңалықпен бөлісуде: биыл 6 мамырда Жерге үлкен метеорит құлайды, ол динозаврлар құрып біткен заманнан бергі ең қауіпті болады. Тіпті NASA мамандары алдын ала ескерткен де көрінеді. Stopfake.kz порталы бұл жаңалықтан қорқудың қажеті жоқ екендігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белсендірілген көмір, сарымсақ және куркума вакцинаны ағзадан шығарады - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде вакцинацияға қарсы адамдар «СOVID-19-ға қарсы екпе салдыруға мәжбүр болғандарға» ағзаны детоксикациялауға кеңес береді. Авторлардың пікірінше, препарат компоненттерін белсендірілген көмір, сарымсақ, пробиотиктер, ирландиялық теңіз мүкі және инфрақызыл саунаның көмегімен шығаруға болады. Бұл ақпаратта ғылымға қарсы тұжырымдар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

«Президент барлық несиелердің 90% кешіру туралы Жарлыққа қол қойды» - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнетте тақырыбында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа берілген барлық тұтынушылық несиелердің 90%-ын кешіру туралы Жарлыққа қол қойғаны айтылған видео таралуда. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл мәлімет – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ashyq бағдарламасы қазақстандықтардың жеке деректерін жариялауда» - ақпарат жалған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ashyq бағдарламасы Сейшел аралдарында тіркелген және ол қазақстандықтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға жариялап жатқаны туралы ақпарат таратылуда. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл – жалған ақпарат, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай