
Түркістан облысы әкімінің орынбасары жаппай вациналау барысымен танысты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация шараларының жүргізілу барысын тексерді. Облыстағы жалпы жағдай туралы облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасына күмән келтіруге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшы «Спутник V» вакцинасының тиімділігіне қатысты түсінік берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева «Спутник V» вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда вакциналарды тексеруге ерекше мән берілген - ғалым
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда вакциналарды тексеруге ерекше мән берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді
ҚОРДАЙ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты және Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейский кентіндегі биофармацевтикалық зауыттың құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаев телеарнаның тікелей эфирінде алматылықтарды вакцинацияға шақырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарын, әсіресе аға буынды COVID-19-қа қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық вакцина өндірісі қашан басталады – министрлік жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы отандық QazVak вакцинасы өндірісінің басталатын уақыты белгілі болды. Оны ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы айдың соңында елімізге 500 мың доза шетелдік вакцина жеткізілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы айдың соңында елімізге 500 мың доза шетелдік вакцина жеткізілмек. Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай