
Вакциналау процесі: Індеттің таралуын тежеу қалай жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 ақпаннан Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды індетке қарсы вакциналау басталды. Мамандардың айтуынша, коронавирусты тоқтатып, пандемиядан шығудың бірден-бір жолы – вакциналау болып отыр. Қазақстанда вакцина ерікті түрде салынады. Осы орайда бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде мамандар COVID-19 вакцинациясы туралы түсінік берді.

Коронавирус инфекциясы кезінде жүрекпен қатар өкпенің қадірін түсіндік – дәрігер
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік хирург Ерлан Ильясов өкпесі қабынып, тыныс алуы нашарлаған науқастарға ота жасады. Ол білікті маман болу үшін тәлімгерлердің маңызы зор деп есептейді. Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ерлан Нұрдәулетұлы ҚазАқпарат тілшісіне індет өршіген кездегі қарбалас жұмыс пен өкпені сақтау жолын айтып берді.

Иммунитетті көтеретін сиқырлы таблетка жоқ – дәрігер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, дәлелді медицина сарапшысы Рафаиль Қыпшақбаев «Красивый бизнес. Азия» фестивалінде коронавирус инфекциясы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавируспен ауырғанда иіс сезу неге жоғалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, дәлелді медицина сарапшысы Рафаиль Қыпшақбаев коронавируспен ауырғанда иіс пен дәм сезудің неге жоғалатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көппен бірге коньки тепкен адамдарға коронавирустың жұғу ықтималдығы қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыс орнындағы азаматтардың бірінен коронавирус анықталған жағдайда не істеу керек? Көппен бірге коньки тепкен адамдарға коронавирустың жұғу ықтималдығы қандай? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бұл сұрақтарға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай