
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Зинешұлы Байғұлов мезгілсіз өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысында білім саласындағы жемқорлық мәселесі талқыланды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында білім беру ордаларында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің деңгейін төмендету мен осы бағыттағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында кездесу өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің бастамасымен өткен кездесуге білім беру ұйымдарының басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдық-штаттық құрылымы оңтайландырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадр саясатын іске асыру барысында ұйымдық-штаттық құрылымын және ішкі бизнес процестерін оңтайландыруға қатысты үлкен жұмыс атқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет куәлігін көрсеткен адам анықталды - агенттік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова видеода мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткен ер адамға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі деп таныстырған бірқатар алаяқ ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызметкерлердің жемқорлығы үшін қанша басшы жұмыстан кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілік институтын іске асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн жиын өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Túrkіstan - adaldyq alańy» аймақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша онлайн жиын өтті. Оған өңірдегі барлық мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім мекемелерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстан темір жолы" жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылық жауапқа тартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да тұңғыш рет қол астындағы жұмысшылардың жемқорлық әрекеті үшін басшылықты жауапкершілікке тарту туралы норма қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есеп комитеті жұртшылықпен өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың «Есеп комитеті – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін ашу бойынша екі жақты кездесуі өтті.

Алик Шпекбаев Дүниежүзілік Сот төрелігі жобасының сарапшылар тобымен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Вашингтонда орналасқан Дүниежүзілік Сот төрелігі жобасының (World Justice Project) сарапшылар тобымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Серіктестік департаментіне жаңа басшы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен аталмыш ведомствоның Серіктестік департаментінің директоры болып Перизат Сәдуақас тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай