
Бұл мереке – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы - Қасым-Жомарт Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ҚазАқпарат оқырман назарына Мемлекет басшысының құттықтауының толық мәтінін ұсынады.

Қарағанды облысында 25 мыңға жуық адам экосенбілікке шықты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «World Cleanup day 2021» және «Birge-taza Qazaqstan» Дүниежүзілік акциясына қатысты. Экосенблікке өңірдің 25 мыңға жуық тұрғыны шықты. Олар 3 мың тоннаға жуық қоқыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

#BizBirgemiz: Нұротандықтар 40 мыңнан астам баланы мектепке даярлауға көмектесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Nur Otan бастауыш партия ұйымдарының мүшелері жыл сайынғы «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында жаңа оқу жылына 40 мыңнан астам баланы даярлауға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
СҚО-да «Birgemiz» қорынан 24 мыңға жуық тұрғын 1,2 млрд теңгенің көмегін алды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының XXIX есеп беру-сайлау конференциясының делегаттары Саяси кеңестің 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы туралы есебін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа кәсіптер атласы мемлекеттік органдарға таныстырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде онлайн конференция барысында орталық мемлекеттік органдар өкілдеріне Қазақстандағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

#BizBirgemiz волентерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Халық алғысы» бекіткен «Халық алғысы» арнайы медалімен «Biz Birgemiz» жалпыреспубликалық акциясының ең белсенді волентерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

#BizBirgemiz: Тағы 80 мың отбасы 50 мың теңгеден алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - #BizBirgemiz акциясының 4-кезеңінде ауылдық елді мекендердегі тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біз біргеміз: Қостанай облысында 22 мың отбасы қаржылай көмек алды
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Біргеміз» қоры көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осы аптада 80 қостанайлық бірреттік қаржылай қолдауға ие болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалына сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай