Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таеквондодан Ливан турнирі: Қазақстандықтар 10 медаль жеңіп алды

2021 жылдың 21 маусым 2021 16:10

БЕЙРУТ. ҚазАқпарат - Ливан астанасы Бейрутта таеквондодан «Beirut Open G2» халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпаратына сәйкес, таеквондодан Қазақстан құрамасы аталған жарыста екі алтын, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Ел құрамасы сапынан Самирхон Абубакиров (54 кг) пен Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг) топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды.

Бауыржан Хасенов (+87 кг), Жансель Дениз (73 кг), Жасурбек Исраилов (58 кг) және Әділет Базарбаев (63 кг) қоржынды төрт күміспен толықтырды.

Ал Самат Темірхан (54 кг), Әділет Базарбаев (63 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг) пен Смайыл Дүйсебай (87 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай