Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы талқыланды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 16:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады. Сондай-ақ Түркия Елшісі сенім грамотасының көшірмесін тапсырды», - делінген ҚР СІМ мәліметінде.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында 2,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 67% көп (1,5 млрд доллар). Экспорт көлемі 2 млрд доллар, ал Түркиядан Қазақстанға импорт 0,8 млн долларды құрады.





Жоғары қарай