Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сырқатты сергелдеңге салып, бюрократияға жол берген дәрігерлер жауапкершілікке тартылды

2022 жылдың 21 мамыр 2022 02:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші жүгінген азамат Қарағанды облысының тұрғыны, мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан ұзақ өту рәсіміне шағымданды.

Осыған байланысты пациент тіркелген учаскелік дәрігерге және емхана меңгерушісіне МӘС-ке 031 нысанын ұзақ ресімдегені үшін тәртіптік жазалау шаралары қабылданды.
Министр Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымға бұл жағдайды анықтап, МӘС-ке шығару үшін құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға, мерзімдерді бұзуға жол бермеуге тапсырма берді.
Сондай-ақ қабылдауда Ж.азаматшаның мүгедектігі бар баласын шетелде емдеуді ұйымдастыру мүмкіндігі туралы өтініші қаралды.
Аталған мәселе бойынша министр Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының басшылығына құрамында хирург, педиатр, гастроэнтеролог бар консилиум ұйымдастыруды және баланы жүргізу мен емдеудің одан арғы тактикасын айқындауды тапсырды.
Өтініш білдіргендердің бірі Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына және ҚР азаматтарын шетелге емделуге жіберу мәселесін шешуге жедел көмек көрсеткені үшін ҚР азаматтарын жіберу мәселелері жөніндегі комиссия мүшелеріне үлкен алғысын білдірді.
«Баланың жағдайы ауыр болған, қазір бізде қалпына келтіру процесі жүріп жатыр, донорлық жасушалар ағзаны қалпына келтіруде. Баршаңызға еңбек пен көмек үшін алғыс айтамын»- деді әйел.


Жоғары қарай