Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілерде жаңа жобаларды іске қосты

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 12:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «АntikorLive» -парасаттылық идеологиясын түсіндіруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-алаң. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы агенттік әлеуметтік желілерде «AntikorNews», «АntikorLive», «Агенттік қызметкерінің бір күні» және «AntikorCase» сияқты әлеуметтік желі қолданушылары арасында оң пікірге ие болған бірқатар перспективалық жобаларды іске қосты», - деді Перизат Сәдуақас агенттіктің Facebook алаңында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, эксклюзивті контенті бар ерекше «AntikorNews» медиа-жобасы агенттіктің БАҚ-пен және жұртшылықпен өзара іс-қимылының маңызды құралына айналған. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы контенттің үздіксіз онлайн көрсетілімін қамтамасыз етіп, сондай-ақ антикор қызметінің нәтижелері мен басымдықтары туралы жедел хабарлап отырады. Ал «АntikorLive» медиа-жобасы парасаттылық идеологиясын түсіндіруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Бұдан бөлек, жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекет саясатының түрлі аспектілері үнемі жариялайды.

«Агенттік белсенділікті арттыру үшін Instagram парақшасында жаңа айдарлар ашты. Аудиторияны тарту үшін «Сіз білесіз бе?», «АнтикорТаланттары», «Ұлылардың қанатты сөздері», «Күн саны», «Миф және шындық» айдарымен танымдық және анимациялық посттар, бейнероликтер жарияланды. Сондай-ақ, агенттік арнайы пошта маркасы мен Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы қанатты сөздері бар пошта конверттерін шығарған алғашқы мемлекеттік орган болғанын атап өткен жөн», - деді Перизат Сәдуақас.


Жоғары қарай