Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сыбайлас жемқорлық және Қаржы мониторингі агенттіктері меморандумға қол қойды

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 18:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Қаржы мониторингі агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қол қою рәсімі барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М. Ахметжанов меморандумның Мемлекет басшысының қылмыстық жолмен табылған активтерді іздеуге қатысты тікелей тапсырмасы – follow the money қағидаты аясында әзірленгенін атап өтті.

Ведомство басшысының айтуынша, бірлескен күш-жігердің шоғырлануы лауазымды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі бизнестің кедергісіз әрекет жасауына қарайласу мәселелерін шешуге ықпал етеді. Жалпы, М. Ахметжановтың пікірінше, осы бірлескен құжатты қабылдау органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасайтын платформа болады.

Меморандум аясында екі мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы өзара іс-қимылы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдемдесу көзделеді.




Бұл үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында бірлескен іс-шаралар, алдын алу шараларын жүргізу, жұмыс тәжірибесімен және қылмыстың жай-күйі, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарды ашу және тергеу әдістері мен тәсілдері туралы ақпаратпен, сондай-ақ тәуекелдер мен жасалу қатерлері туралы мәліметтермен алмасады.


Жоғары қарай