Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен қазақстандық балуандар 5 медаль иеленді

2022 жылдың 16 мамыр 2022 00:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бразилияда өтіп жатқан XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен қазақстандық балуандар қанжығаға 5 медаль байлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортшыларымыз 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, қазақстандық Хайратхаан Шонку 125 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медальға ие болды. 24-ші Сурдлимпиада ойындарында Хайратхаанның бұл екінші алтын жүлдесі. Осыған дейін ол грек-рим күресінде 130 келі салмақта сынға түсіп, жеңіске жеткен болатын.





Өз кезегінде балуандарымыз Ғабит Есжанов (57 кг), Сабыржан Рсалы (70 кг) және Ғасыр Тұрғынбай (74 кг) жарыста күміс жүлдеге ие болса, Бексұлтан Малайдар (92 кг) қола медальға қол жеткізді. Ал Шадияр Пернеш (60 кг) пен Мухтар Есенғосұлы (97 кг) бесінші орыннан көрінді.





Сондай-ақ әйелдер арасында 4х400 метрдегі эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық атлеттер Фаина Меирманова, Ольга Хижнякова, Яна Сибирякова және Елена Путинцева төртінші орыннан көрінді. Биіктікке секіруден сыңға түскен Фаина Меирманова 159 см нәтижесімен бесінші орынға ие болды.








Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындары 15 мамырда аяқталады. Жарысқа әлемнің 100 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.

Айта кетейік, «Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі - Орталық) - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады, Орталықтың басты қызметі Сурдлимпиадалық, Паралимпиадалық және Паралимпиадалық емес спорт түрлерін дамытуға бағытталған.












Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай