Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сұлтан Зәуірбек Лондондағы бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді

2022 жылдың 16 сәуір 2022 02:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Лондондағы York Hall-да өткен бокс кешінде «Питбуль» деген лақап атпен белгілі аргентиналық Николас Ботеллиді (11-6, 6 КО) жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сұлтанның екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European чемпионы болғанына қарамастан ол Ботеллимен атаққа таласқан жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген болатын. Қазақстандық қарсыласын 5-ші раундта нокаутқа түсірді.

Бұл ретте үшінші раундта төрешінің Сұлтанға нокдаун жариялағанын айта кету керек.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы карьерасында 13-ші рет жеңіске жетті. Ал Николас Ботелли 7-ші рет жеңілді. Сұлтан алдымен мальтиялық Хайтем Ламузбен (17-1, 7 КО) жұдырықтасуы керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жек алдында жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді.


Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай