Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Субсидиялар түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталады - АШМ

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 12:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Субсидиялар беру тетігін одан әрі жетілдірілу мәселесі цифрландырудың жаңа платформасын енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Субсидиялау жүйесі, ең алдымен, оның тетіктерін оңайлату және бағыттарды оңтайландыру, барлық субъектілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету есебінен реформаланатын болады. Бұдан басқа, субсидиялар түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталатын болады. Сондай-ақ, субсидия алушылар нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тиісті міндеттемелерді қабылдайтын норма енгізіледі.

Мұнымен қоса, субсидиялар беру тетігін одан әрі жетілдірілу мәселесі цифрландырудың жаңа платформасын енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ең маңыздысы, бұл қызмет шаруалар үшін ақысыз түрде көрсетіледі», - деді Е. Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, осы істерді атқару мақсатында министрлікте арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған салалық қауымдастықтар мен одақтардың, агробизнестің, ғылымның, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері де кірді.

«Қорыта келіп айтқанда, субсидия тетіктерін жетілдіру жұмыстары бізге оның экономикаға тигізер әсерін бағалауға, субсидия алу процесстеріне адами факторлардың ықпалын мейлінше азайтуға және де мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын сақтауға қол жеткізетін болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Е. Қарашөкеев саланы мемлекеттік қолдау мәселелерінде де елеулі кемшіліктер бар екенін айтты.

Ең алдымен, бұл субсидиялау тетіктерінің күрделілігі, субсидия алудың шарттарының көптігі. Сонымен қатар субсидиялар негізінен ірі бизнес субъектілеріне және де технологиялық процестерді қолдауға бағытталған.


Жоғары қарай