Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Су тасқыны: ШҚО-ның Новопокровка ауылында жағдай тұрақтанды

2021 жылдың 10 сәуір 2021 11:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында су басу қаупі сейілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Новопокровка ауылында су деңгейі түсті. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер аулаларынан қарғын су кеткен.

«Осыған дейін жер үйлерден 36 адам эвакуацияланған болатын. Барлық азаматтар туған-туыстарының баспаналарына орналастырылды. Жалпы, осы жұмыстарға ШҚО ТЖД-ның 37 құтқарушысы, 2 техникасы, 1 жүзу құралы және 4 мотопомпа, Семей қаласы № 68303 әскери бөлімінің 19 әскери қызметшісі, 4 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 30 қызметкері мен 15 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ құмы бар 400 дана қап төселген», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері ауылдағы жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетсек, кеше су басқан Новопокровка ауылынан халық эвакуацияланған болатын.

Жоғары қарай