Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Су спорты түрлерінен Әлем чемпионаты тағы бір жылға шегерілді

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық су спорты федерациясы (FINA) су спорты түрлерінен Әлем чемпионатын 2023 жылға шегерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашында турнир 2021 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасы 2021 жылы өткендіктен, әлем чемпионаты 2022 жылға ауыстырылды.

Әлемдік пандемия турнирдің өтуіне тағы кедергі болмақ. Енді әлемдік ұйым Фукуокадағы (Жапония) әлем біріншілігін 2023 жылға шегеріп отыр.


Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай