Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды

2019 жылдың 18 наурыз 2019 17:03 1273

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«16 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу амалдарын жүргізуші органның өтінішін қарастырды. 2019 жылдың 14 мамырын қоса алғанда, күдікті Әбішев Ислам Алмаханұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы шығарды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Шенеунікті қамауға алу себептері әзірге белгісіз.

«Қылмыстық процестік кодекстің нормаларына сәйкес, алдын ала тергеу амалдарын жүргізу уақытында қандай да бір деректер жариялануға жатпайды», - деп жауап берді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 15 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Исламбек Әбішев қызметінен уақытша шеттетілді.

 

 

 

 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: ҚР АШМ, Заң,
Жоғары қарай