Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Stopfake.kz екі ай ішінде 100-ден астам жалған хабарды әшкереледі

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 16:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ашылған Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарды әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа ақпараттық ресурс жұмысын бастаған 2 ай ішінде 91 жалған хабарлама теріске шығарылды, 37 тақырып бойынша түсініктеме берілді. Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың, бұрмаланған мәліметтердің басым бөлігі медицина тақырыбы мен әлеуметтік медиа алаяқтықпен байланысты болды» деп мәлім етті министрліктен.

Stopfake.kz жобасының өзі желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және шатасу мен түсінбеушілік деңгейін төмендету, сонымен қатар оқырманға сыни ойлаудың маңызын еске салу үшін жасалды.

Ақпараттық порталдың Telegram-дағы адресі - t.me/stopfake_kz. Сондай-ақ, кез келген деректің дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін редакцияның +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуге болады.


Жоғары қарай