Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Степногорда 3 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті

2020 жылдың 27 мамыр 2020 22:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Степногор қаласында 3 жастар қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 26 мамыр күні болған.

«Үйде ата – анасыз, 5 және 15 жастағы ағаларымен қалған үш жасар қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Белгілі болғандай, қыз ас бөлмедегі терезе алды тақтайына шыққан. Кейін ашық тұрған пластикалық терезенің маскит торына сүйкеніп, құлап кеткен», - дейді ведомство өкілдері.

Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, құлаған бүлдіршін түрлі дене жарақатымен Степногор қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жетізілді. Қазіргі кезде, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға баланы қараусыз қалдырмауға және көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің терезелеріне арнайы қондырғылар мен құлыптарды орнатып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге шақырады.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай