Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Спутник-V» атауы егілгендерді жерсерік арқылы бақылайтынын білдіреді - фейк

2021 жылдың 31 тамыз 2021 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнет қолданушылары COVID-19 қарсы «Спутник-V» вакцинасы атауының пайда болуы туралы теорияларды алға тартуда. Олардың пікірінше, препаратпен егілгендерді жерсеріктер арқылы бақылайтынын білдіреді. Бұл жалған, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.


Ресейлік «Спутник-V» вакцинасы – әлемде алғашқы болып тіркелген COVID-19 қарсы екпе. Ол жердің алғашқы жасанды жерсерігі «Спутник-1»-дің құрметіне аталды. Жерсерік КСРО-да 1997 жылы 4 қазанда іске қосылған.

Екпе атаудағы V әрпі жеңіс деген сөзді білдіреді және COVID-19 ауруын жеңудің белгісі болып табылады. Вакцинацияланған адамдарды бақылау – вакциналарда белгілі бір микрочиптер бар деген жалған болжамнан туындаған қастандық теориясы. Бұл туралы біз бірнеше рет жазған болатынбыз.

Хабарламада айтылған «Спутник-V» құрамында адам жасушалары бар деген пікір де дұрыс емес. Вакцинаны жасаушылар препарат құрамында адамның да, жануардың да жасушалары жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, фейк ақпаратта КВИ қарсы тағы бір вакцина – Moderna-ны өндірушілер адамдарды чиптейтіндерін мойындағаны айтылған. Біз бұл жалған мәлімдемені бұған дейін талдаған болатынбыз.

Демек, вакцинацияланған адамдарды жерсеріктердің көмегімен бақылайтыны туралы теориялар дұрыс емес. КВИ қарсы вакцина әлемдегі алғашқы жасанды жерсерігінің құрметіне аталған, өйткені ол да осы аурудың алдын алуға арналған дәрі-дәрмектің ішінде әлемде бірінші болып тіркелген.


Басты сөздер: Фейк, Вакцина,
Жоғары қарай