Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Спортшылар Олимпиадаға дайындықты жалғастыруы керек – Халықаралық олимпиада комитеті

2020 жылдың 18 наурыз 2020 13:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық Олимпиада комитеті Токио-2020 Олимпиадасына барлық мүдделі тараптармен консультациялар жүргізуді жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алғашқы консультацияның бірі Халықаралық жазғы олимпиадалық спорт федерацияларының қатысуымен өтті. Алдағы күндері Ұлттық Олимпиада комитеттерімен, спортшылар өкілдерімен, Халықаралық паралимпиада комитетімен, халықаралық федерациялармен және басқа да мүдделі тараптармен консультациялар өтеді. COVID-19 вирусына қатысты жағдай Токио-2020 Олимпиадасына дайындалуға әсер етеді және күн сайын өзгеріп отыр. Халықаралық олимпиада комитеті аталған олимпиаданың өтуін қалайды. Олимпиада ойындарына төрт айдан астам уақыт бар екенін ескерсек, дәл қазіргі уақытта біржақты шешім қабылдаудың қажеті жоқ», - делінген баспасөз хабарламасында.

Хабарламада жазылғандай, Халықаралық олимпиада комитеті әлемдегі биліктердің коронавирусқа қарсы қабылдаған шаралары оның таралмауына ықпал етеді деп сенеді.

«Токио-2020 Олимпиадасына дайындалып жатқан спортшылардың денсаулығы мен әл-ауқаты – біздің басты назарымызда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және спортшылардың, жаттықтырушылар мен қолдау командаларының мүдделерін қорғау үшін барлық шаралар қолданылады. Біз –олимпиадалық қауымдастықпыз, қандай уақытта да бір-бірімізді қолдаймыз», - дейді ХОК Президенті Томас Бах.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада-2020,
Жоғары қарай