Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Спортпен шұғылданушы астаналықтардың үлесі 1,8 пайызға артты

2021 жылдың 26 тамыз 2021 17:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бұқаралық спортқа мән беріліп, жыл санап спортты жанына серік етушілер саны көбейіп келеді. Бүгінде спортпен шұғылданатын астаналықтардың үлесі 1,8 пайызға артқан.Нұр-Сұлтандағы бұқаралық спорттың бүгінгі дамуы жайлы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде карантинге қарамастан спортпен айналысушылардың саны 378 835 адамға жетті. Бұл жалпы қала тұрғындарының 31,5 пайызын құрайды. Яғни спортпен шұғылданушы астаналықтардың үлесі 1,8 пайызға өскен. Жалпы қаламызда бұқаралық спорттың дамуына барлық жағдай жасалған. Қала әкімінің тапсырмасына сай жақында спорт колизейі ашылды. Сондай-ақ, көпшілікке арналған Триатлон паркі, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-і жанындағы көпір астында арнайы спорт алаңы да жұмыс істеп тұр. Қала саябақтарының барлығы дерлік дерлік воркаут алаңдарымен қоса жаттығуға арналған құрал-жабдықтармен қамтылған», - деді С. Ерғалиев.

Одан бөлек, С. Ерғалиев елордада велосипед жолаушыларына да мән беріліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта қалада 70 шақырымды құрайтын веложол бар. Алдағы уақытта оны 123 шақырымға жеткізу жоспары тұр.

Бұған дейін басқарма басшысы Нұр-Сұлтанда биыл ашылған спорттық нысандардың жұмысымен таныстырды.

Одан бөлек, елордада спорттық-медициналық орталықтың ашылатыны айтылды.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай