Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сот талабына бағынбаған Күлекбаевты судья залдан шығарып жіберді

2016 жылдың 25 қазан 2016 10:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қанды теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаев басты сот отырысында сот тәртібіне бағынбағандықтан сот залынан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов осыған дейінгі сот отырыстарында сот өкілдеріне орнынан тұрып, құрмет көрсетпеген Күлекбаевқа тағы да ескерту жасады.

«Кеше сіз ауырып отырмын деген соң отырып жауап беруге келістік. Бірақ, бүгін сот тәртібі бойынша тұр дегенде тұрасыз, сол үшін алдыңғы орындыққа отырыңыз», - деді Ерлан Болатов.

Бұған Күлекбаев естімеген кейіп танытып тор ішіндегі екінші орындыққа барып отырды. Алдына отырыңыз деген судья сөзіне: «Не болды?» деп жауап берді.

Осыдан кейін судья Ерлан Болатов Күлекбаевты залдан алып кетуді бұйырып, адвокаттарына ескерту жасады.

Жоғары қарай