Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

Сот Серік Ахметовті мерзімінен бұрын босату өтінішін қанағаттандырмады

2019 жылдың 25 қазан 2019 17:10

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында бұрынғы Премьер-Минстр Серік Ахметовты мерзімінен бұрын шартты түрде босату ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серік Ахметовтің қорғаушысы Николай Лесник Жоғарғы Соттың тиісті нормативтік қаулысын дәлел ретінде келтірді.

Қорғаушының айтуынша, шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін екі басты талап орындалды. Бұл келген шығын көлемін өтеу және сотталғанның тарапынан бұзушылықтардың болмауы.

Сонымен қатар, Николай Лесник материалдық құқықтың осы нормасының негізінде Ахметовты жазаның өтелмеген қалған мерзіміне мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінен босату туралы мәселені қарастыруды сұрады.

Алайда прокурор Әсем Тергеубекова соттан өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды ұсынды.

«Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы пробация қызметінің ұсынған мәліметтерін зерделей келе, Серік Ахметовтің өтініші сотталғанның түзелгенін және оның жазасын әрі қарай өтеуді қажет етпейтінін дәлелдейтін мәліметтердің ұсынылмауына байланысты толық көлемде бас тартуға жатады деп санаймын», - деп атап өтті прокурор.

Сот Серік Ахметовке қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға ауыстырудан бас тартты.

Еске салсақ, Серік Ахметовтің бостандыққа шығару туралы қаулы күшіне енген еді.

Жоғары қарай