Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Соңғы үш жылда қаржы пирамидалары бойынша 365 іс қозғалған

2021 жылдың 6 шілде 2021 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 3 жылда елімізде қаржы пирамидасын құруға қатсы бар 27 адам сотталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында айтқан.

«Бас прокуратура сіздердің қаржылық пирамидалардың қызметі мен жарнамалануы туралы депутаттық сауалыңызды қарады. Құқық қорғау органдары осындай фактілерді анықтау жəне оның жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Соңғы 3 жылда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру жəне оған басшылық ету) бойынша 365 материал тіркелді», - деп жазылған Бас прокурордың жауабында.

Бас прокуратура ұсынаған анықтамаға сүйенсек, қаржылық пирамидалар бойынша 2019 жылы – 24, 2020 жылы – 180, 2021 жылдың 5 айында – 161 қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде 321 іс сотқа жіберілген (2019 жылы – 61, 2020 жылы – 150, 2021 жылдың 5 айы – 110).

«Тіркелген істер негізінде 27 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды (2019ж. – 4, 2020ж. – 13, 2021ж. – 10)», - делінген ресми жауапта.


Жоғары қарай