Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстікқазақстандықтар Абай мерейтойын онлайн атап өтуде

2020 жылдың 10 тамыз 2020 20:10

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Абайдың мерейтойына орай ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, мерекелік іс-шаралар онлайн ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін өңір басшысы Құмар Ақсақалов, зиялы қауым өкілдері Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесінің бойында орналасқан Абай-Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жастар ақынның өлеңдерін оқыды.

Қоладан құйылған, гранит тас тұғырға орнатылған алып ескерткіш 2006 жылы орнатылған еді. Осы жыл Ресейде Абай жылы, ал Қазақстанда Пушкин жылы болып жарияланған еді. Абайға ескерткіш Мәскеуде қойылса, қатар тұрған Абай-Пушкин мүсіндері Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында бой көтерді.





«Абайдың туған күні ұлттық мереке ретінде жариялануы, бұл – қазақтың ақыл-ойына, поэзиясына, қазақтың жеріне көрсетілген үлкен құрмет. Үкіметтің мынау шешімін қабыл алып, қолдап, бүкіл жерлестерімді, шәкірттерімді, ағайын-туыстарымды Абай күнімен құттықтаймын. Абайдың айтып кеткен әрбір сөзі, нақыл сөздері біздің рухани өсуімізге, бала тәрбиесіне көмектеседі. Абай сияқты тұлғаның құнды сөзі бізге олжа», - дейді ақынның ескерткішіне гүл шоғын қоюға келген белгілі ғалым, абайтанушы Зарқын Тайшыбай.

Петропавлда бүгін Абайдың мерейтойына орай бірқатар іс-шара онлайн форматта өткізіліп жатыр. Облыстық қазақ-орыс театрлары әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде музыкалық-поэтикалық қойылым қойып, М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан тараулар оқуда. «Әлемнің Абайы» атты облыстық мүшайра онлайн түрде өтті. Кітапханалар өз оқырмандарына қашықтан түрлі дәрістер, кездесулер ұйымдастырса, өнер ұжымдары Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған «Кең даланың кемеңгері» атты мерекелік концертті тікелей эфирде ұсынбақ.








Жоғары қарай