Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Солтүстік Кореяда безгек жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 200 мыңнан төмендеді

2022 жылдың 24 мамыр 2022 15:05

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Солтүстік Кореяда «безгек» деп аталып кеткен ауру белгілері бар науқастардың тәуліктік өсімі үшінші күн қатарынан 200 мыңнан төмендеді. Сәуір айының аяғынан бастап мұндай жағдайлардың жалпы саны 3 млн адамға жуықтады. Бұл туралы Кореның орталық телеграф агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap-қа сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, өткен тәулікте Солтүстік Кореяда 134 мың адамнан «безгек» деп аталып кеткен ауру белгілері анықталған. Бұл ретте бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, сәуір айының соңынан бері КХДР-да безгек ауруының белгілері бар 2,94 млн адам анықталған. Олардың 2,54 млн-ы сауығып шықса, 400 мың адам ем қабылдауда.

«Төтенше жағдайларға ден қоюдың максималды деңгейі енгізілгеннен кейін бірнеше күннен соң, елде ауру жұқтыру мен өлім-жітім көрсетіші күрт төмендеді. Емделіп шыққандардың саны артты. Бұл пандемияны тиімді ұстап тұруға, жағдай тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді», - делінген агенттік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 12 мамырда Солтүстік Корея билігі ел аумағында коронавирустың анықталғанын ресми мәлімдеген болатын.


Басты сөздер: Денсаулық, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай