Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Қазақстанның 10 ауданында КВИ жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелді

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 11:24

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді, жаңа жағдайлар Петропавлда және өңірдің 10 ауданында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 107 жағдайы тіркелді.

Оның тек 58-інде ғана ауру белгілері болған. КВИ-дің таралуы бойынша Петропавл алда келеді, мұнда кеше 44 сырқат анықталған.

Айыртау ауданында – 14, Тайынша ауданында – 13, Қызылжар ауданында – 9, Есіл ауданында – 7, Мамлют ауданында – 6, М.Жұмабаев, Жамбыл, Ақжар, Аққайың, Уәлиханов аудандарында 1 мен 5 аралығында жаңа жағдайлар тіркелді.

СҚО көпбейінді аурухананың бас дәрігері Юрий Белоногтың айтуынша, емдеу мекемесінде 20 орындық короновирус бөлімі жұмыс істеп жатыр.

Ем алушылардың басым бөлігі – зейнет жасындағылар.

«Коронавирус бөлімінде өкпесі 90-95% зақымдалған сырқаттар бар. Олар бір айдан аса ем қабылдап жатыр. Денсаулығы әлсіз, сол себепті вирусқа төтеп бере алмай отыр. Қазір бөлім толық», - дейді Юрий Белоног.

Мамандардың айтуынша, СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі - 60 жастан асқандар. Оларға барлық сырқаттардың 28% тиесілі. Екінші орында 19%-пен 50-59 жастағылар тұрса, 30-39 жастағылар 16 % құрайды.

Бүгінде өңірде КВИ жұқтырғандардың саны 10 214-ке жетті. Сырқаттанғандар саны күн сайын өсіп келеді.

«Адамдар сақтық шараларын ұмытып барады. Әлеуметтік ара қашықтықты ұстану, медициналық маска тағу - вирустың алдын алу шаралары. 1 ақпаннан бастап КВИ-ге қарсы вакцинациялау басталады. Ол не үшін жасалады? Короновирус адам ағзасындағы өзге ауруларды қоздырса, вакцина сол аурулардың ушығып кетпеуі үшін қойылады. Өкінішке орай әлемнің еш мемлекеті әзірге вирусты толығымен жоятын вакцинаны ойлап тапқан жоқ», - дейді бас дәрігер.


Жоғары қарай