Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Қазақстанда көмір тиелген тіркеме аударылды

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 22:45

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікпен соқтығысудан қашамын деп көмір тиелген тіркемені аударып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін 21 қыркүйекте болған. «КамАЗ» көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Петропавлдан Есіл ауданына бара жатқан.

Жолда бағдаршамның түсіне тоқтаған алдындағы көлікпен соқтығыспас үшін ол жүк көлігінің тежегішін басқан. Кенеттен жасаған тежеудің салдарынан көмір тиелген тіркеме аударылып кетіп, жол шетіндегі металл қоршауға зақым келді.





Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы бойынша материал жинап, апаттың салдарын жою үшін жедел түрде тиісті шаралар қабылдады.

«Қазақавтожол» ЖШС жұмысшылары бірнеше сағат ішінде зақымданған қоршауды қалпына келтірді.

Полицейлердің айтуынша, шығын көлемі анықталған соң әкімшілік іс сотқа жіберіледі.


Жоғары қарай