Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Қазақстанда дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 17:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрып, Сергеевка қаласындағы қазақ мектебінің шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында 20 қыркүйек күні сағат 19.00 шамасында болған.

Дауыл тұрып, қатты жел Малдыбаев көшесі, 11 мекенжайында орналасқан ғимараттың шатырын жұлып әкеткен.

«Желдің қуаты секундына 28 метр болған. Қазақ орта мектебінің «профлистпен» жабылған шатыры дауылға төтеп бере алмай, жұлынып кеткен. Жалпы аумағы 1 мың 300 шаршы метр болса, соның жартысына жуығы зақымданған. Бірақ бұл оқу процесіне әсер еткен жоқ. Қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда келген шығын мөлшері анықталып жатыр», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

















Жоғары қарай