Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Қазақстан облысына алғашқы қар түсті

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 01:42

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына алғашқы қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сәйкес, метеостанция Саумалкөл ауылына аздаған қар түскенін тіркеген.


Синоптиктер мәліметінше, 28 қыркүйек күні өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік бөлігінде, күндіз басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым аумағында желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0-5 градус жылыны құрайды, облыстың солтүстік-шығысында 3 градус аяз болады. Күндіз 3-8 градус жылы.

Петропавлда ала бұлтты болады, күндіз қар мен жаңбыр болжанады. Екпінді жел соғады. Күндіз қалада термометр бағаны 6-8 жылыны көрсетеді. Түнде 2-4 градусқа дейін суиды.

Еске салайық, 27 қыркүйек күні Ақмола облысына алғашқы қар түсті.

Синоптиктер 28 қыркүйекте 9 өңірде ауа райы бұзылатынын ескертіп отыр.


Авторы: Олеся Жуковень


Жоғары қарай