Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Қазақстан облысы Маңғыстауға мың тонна жем-шөп жеткізуді жоспарлап отыр

2021 жылдың 6 тамыз 2021 18:55

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау өңіріне мың тонна жем-шөп жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Шақубаевтың айтуынша, Қызылжар өңірі биыл ауа райына байланысты шөпті басқа өңірлерге сатып жатқан жоқ. Алдымен өңір қажеттілігі қамтамасыз етіледі. Маңғыстау облысына да осы себеппен әзірге көмек көрсетілмеген.

«Маңғыстау өңіріне 1 вагон кебек жөнелттік. Алдағы күндері шөп жіберуіміз неғайбыл, бірақ егін жинау науқанының барысына қарай облыстан мың тонна көлемінде құрама жем, кебек және тюктелген арпа сабанын жіберу жоспарланып отыр. Бұл мәселе бойынша Маңғыстау облысының әкімдігімен келісім бар», - дейді Қуандық Шақубаев.

Жалпы биыл СҚО-да төрт түлікті жемазықпен қамту үшін 135 мың гектарға жемазықтық дақылдар егілді, оның ішінде 107 мың гектарға бір жылдық шөптер, 11 мың гектарға көп жылдық шөптер және 17 мың гектардан астамына сүрлем әзірлеу үшін

жүгері егілді.

«Халықты сабанмен қамту үшін агроқұрылымдардың басшыларымен кездестік.

Олар елді мекендердің маңына ұсақтағышы жоқ астық жинау комбайндарын жібереді. Бұдан басқа шөп ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда - 6 мың гектарда жүргізіледі», - дейді Қуандық Шақубаев.


Жоғары қарай