Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Каролина штатында дауыл салдарынан 245 мыңға жуық үй  жарықсыз қалды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 14:39

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Дүйсенбі түнінде Американың Солтүстік Каролина штатының жағалауында Isaias дауылы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Атлант мұхитында қалыптасқан дауыл кезіндегі желдің жылдамдығы секундына 38 метрге дейін жетіп отыр. Құйын солтүстік-шығысқа қарай бет алады деген болжам бар.

PowerOutage.US мәліметінше, 245 мыңға жуық үй электр жарығынсыз қалған.

Дауыл болатыны туралы ескерту тек Солтүстік Каролинада ғана емес, Оңтүстік Каролина, сондай-ақ Нью-Йорк қаласында жарияланған.

Метеорологтардың мәліметінше, Нью-Йорктегі дауыл кезінде желдің жылдамдығы АҚШ-та сегіз жылға жуық уақыт бұрын болған «Сэнди» алапат құйыны кезінде болған жылдамдықтан асуы мүмкін.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай