Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Скутер жүргізушісіне жүргізуші куәлігі керек пе

2021 жылдың 19 маусым 2021 21:27

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Тікелей эфирде тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл тұрғыны «Жолда қабылдау» акциясын пайдаланып, тікелей эфирде куәлігінен елордада айырылғаны туралы айтты. Ол енді жүргізуші куәлігін СҚО-дан шықпай алуға бола ма деп сұрақ қойды. Полиция департаменті процессингтік орталығының бастығы Әсет Мәтеннің айтуынша, жүргізуші жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтихан тапсыруы қажет, ал емтиханды жергілікті жерде тапсыруға болады.

«Сондай-ақ, қала тұрғыны куәлігін Петропавлда ала алады, ол үшін бар болғаны мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Біз құқық бұзушылық астанада жасалғандықтан, біз сол жаққа сауал жолдаймыз. Басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталған соң, құжаттар қайтарылады», - деп түсіндірді полицейлер онлайн-диалог барысында.

Тағы бір тұрғын скутерді басқаруға қатысты кеңес алды.

«Қозғалтқышының көлемі 150 текше сантиметрден асқан жағдайда мұндай скутерді тізгіндеу үшін оны алдымен тіркеу керек, себебі бұндай көліктің ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 50 км. Сондай-ақ, көлікті басқару үшін «А» санаты бойынша жүргізуші куәлігі болуы тиіс», - деді полиция қызметкерлері.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жолда қабылдау» акциясы аясында өткізілген тікелей эфирлер кезінде полицейлерге 100-ден астам желі қолданушысы хабарласты. Сұрақтардың басым бөлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты болды. Сондай-ақ, Көші-қон қызметінің жұмысына қатысты да сұрақтар түседі. Уақытша тұруға қалай рұқсат алуға болады, төлқұжат, басқа да құжаттарды қалай алады – бұл туралы Көші-қон қызметінің қызметкерлері айтып берді.

Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы барлық өңірлерде, аумақтық полиция бөліністерінде екі күн өткізіледі.

Жоғары қарай